• «Жас қазақстандық азамат дегені­міз – бұл тек құқық қана емес, бірінші кезекте өзі, өзінің отбасы және біздің Отанымыз үшін ұлы жауапкершілік екенін есте ұстаулары тиіс».
    (Н.Ә.Назарбаев)

  • «Жас қазақстандық азамат дегені­міз – бұл тек құқық қана емес, бірінші кезекте өзі, өзінің отбасы және біздің Отанымыз үшін ұлы жауапкершілік екенін есте ұстаулары тиіс».
    (Н.Ә.Назарбаев)

№3 жалпы білім беретін мектептің контингенті

2021-2022 оқу жылы

978

оқушы оқиды

50.8%

ер-балалар құрайды

105

мұғалім сабақ береді

~37

мұғалімдердің орта жасы

Мектеп сайтына қош келдіңіз!

№3 орта мектеп алғаш рет 1960 жылдары Жетібай жерінде жертөледе бастауыш сынып болып ашылды.Оның директоры Өрбісінов Майлыбек ,ал оқу ісінің меңгерушісі Ашығалиева Маруся болды.

1965 жылдары 8 жылдық мектепке айналды.Жаңа мектеп ғимараты  салынды.Мектеп директоры Көшенов Социал болды.

1964-1974 жылдары орта мектепке айналды.Осы жылдары №3 орта мектептен №4 және №8 мектептер бөлініп шықты.Сол кездегі мектеп директоры ,Ұлы Отан соғысының ардагері Бекарыстанов Зердебай болды.

1974-1986 жылдары мектеп директоры  «Халықтар достығы» орденінің иегері,Қазақ ССР білім беру ісінің үздігі,еңбек ардагері және Қазақстанның он жылдық мерекесіне арналған медаль иегері Қалиев Жұмабай болды.

Мектеп туралы

 

Муканова Гульшат Сагинбаевна

Директор блогы