Қамқоршылық кеңес хаттама №1

Маңғыстау облысының білім басқармасының Қарақия ауданы бойынша білім бөлімінің «№3 жалпы білім беретін мектеп» КММ жанынан құрылған Қамқоршылық кеңес отырысы Хаттама №1 Қатысқаны : 11 Күні: 30.08.2021ж Күн тәртібінде 1. Мектепке жол акциясы аясында ұйымдастырылған жеке кәсіпкерлер мен мекемелерден түскен қаражаттар мен оқу құралдарын аз қамтылған отбасы балаларына тарату мәскелесі. Қарақия аудандық мекемелерінен келген көмекті тарату 2. Сабақ уақытының ұзақтығы мен үзіліс уақытын реттеу. (ата-аналар өтініші негізінде) Тыңдалды: Күн тәртібіндегі 1 мәселе бойынша мектеп директоры Г.Муканова сөз алды: Қамқоршылық кеңес мүшелері ішіндегі көмек көрсеткен жеке кәсіпкерлерге өз алғысын білідіріп және мектеп қызметкерлері де бұл акцияға ат салысқандығын айтып өтті. Төрайым Ғ.Дәрменова: 1 мәселе бойынша көмек көрсететін жеке кәсіпкерлер мен мекемелерді айтып өтті. Жеке кәсіпкер Р.Қаратаева құны 5мың теңге тұратын 10 сөмке, барлығы 50мың, Г.Боздақбаева өзі бір балаға құны 25мың теңге тұратын сабақ киімдері мен оқу құралдарын алып берді. Жеке кәсіпкер А.Бекбосинова 10 балаға сабақ киімдерімен көмектесетін болды, Шелстоун мекемесі де қалыс қалмай жылдағы үрдіс бойынша 5 балаға 10 мың теңгеден 50мың теңгеге көмек беретіндігін айтты. Енді осы көмекті таратуымыз керек,тізім жасақтап. 2 мәселе бойынша сабақ уақытының ұзақтығы жөнінде ата-аналардан өтініш келіп түсуде, ауыл ішілік қоғамдық көліктің қатынамауы, ауыл арасында бұралқы иттердің көптігі, оқушылардың мектепке жаяу қатынайтындығы,мектептен қысқы уақытта өте жай қараңғыда тарайтындығын,балалардың өмірі мен денсаулығына алаңдайтындығы туралы арыздар келіп түсуде. Осыған орай үзіліс уақытын уақытша қысқарту өтінішін қанағаттандырсақ деген ұсынысым бар. Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша ОІО Г.Сатыбалдиева түсінік берді: ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазанындағы №595 бұйрығымен бекітілген Қағиданың 2 қосымшасының 36 тармағына сәйкес сабақ кестесін жасақтап, бекітіп қойдық. Оқушылар үшін сабақтар сабақтар арасындағы үзілістің ең кемі 5минут, үлкен үзіліс 15 минуттан 2ші 3-ші сабақтарда қойылды. Ең соңғы сабақ ІІ кезекте 19:15 те аяқталады. Кеңес мүшесі Қ.Түйешиева сөз алды: Екінші мәселе бойынша менде өз пікірімді білдіргім келеді, менің де балам осы мектепте оқиды,менде ата-ана ретінде баламның өміріне алаңдаймын, қараңғы батқан кезде тараса баланы өзің күтіп алуың керек, кей кездері менің жұмыстан қолым тимей қалады сондай кезде өте қиын. Көлік тасымалының да болмауы алаңдатып отыр,осыған орай қоңырау уақытын қысқартсақ қалай қарайсыздар. Уақытша 15 минутты 10 минуттан қылса. Кеңес мүшесі А.Ибраева: 1 мәселе бойынша көмекті аса қажет ететін отбасыларға бөліп бергеніміз жөн. 2 мәселе бойынша жоғарыдағы пікірмен толық келісемін, менің де балаларым осы мектепте оқиды. Қоңырау кестесін реттеп,үзіліс уақытын қысқартсақ,кішкене жеңілдеп уақыт қысқарар ма еді. Балалардың сабақтан өте жай тарауы алаңдатады, жаңағы айтылған көшеде жүретін жабайы иттер көп,оның үстіне кейбір көшелерде жарық жоқ. Осыған орай менде үзіліс уақытын қысқартсақ деймін. Кеңес төрайымы Ғ.Дәрменова: Ұсыныс: 1. Келген көмекті аса қажет ететін оқушылардың тізімі жасақталып, таратылсын. 2. 2021-2022 оқу жылында 2-ші сабақтан кейінгі 15 минуттық үзіліс уақыты 10 минутқа, 4-ші сабақтан кейінгі 15 минутты 5 минутқа уақытша қысқартуды ұсынамын. Қамқоршылық кеңес мүшелері бұл ұсыныстарды бірауыздан қолдады. Қарсы жоқ,қалыс жоқ Қаулы: 1. Тізім бойынша көрсетілген оқушыларға Мектепке жол акциясы аясында көмек көрсетілсін. 2. 2021-2022 оқу жылында 2-ші сабақтан кейінгі 15 минуттық үзіліс уақыты 10 минутқа, 4-ші сабақтан кейінгі 15 минут 5 минутқа уақытша қысқартылсын. Кеңес төрайымы: Ғ.Дарменова Хатшы: А.Кулчабаева

Жарияланған күні: 30-08-2021  



02-05-2023  

Қамқоршылық кеңес жұмысының ақпарламасы

ҰББДҚ-нан қамқоршылық кеңес туралы мәлімет Мекеме атауы Мекеменің сайты Қамқоршылық кеңестің құрылған уақыты Заңды тұлғаның тіркелу уақыты Заңды тұлғаның мәртебесіне ие Заңды тұлғаның тіркелу номері ...

02-05-2023  

Маңғыстау облысының білім басқармасының Қарақия ауданы бойынша білім бөлімінің «№3 жалпы білім беретін мектеп»КММ

Маңғыстау облысының білім басқармасының Қарақия ауданы бойынша білім бөлімінің «№3 жалпы білім беретін мектеп»КММ Қамқоршылық кеңес жұмысының ақпарламасы 2022-2023 оқу жылы бойынша №3 жалпы білім беретін мектепте 6 қыркүйектен бастап, қамқоршылық кеңесі құрылы ...

26-01-2023  

Қамқоршылық кеңес хаттама №5

Маңғыстау облысының білім басқармасының Қарақия ауданы бойынша білім бөлімінің «№3 жалпы білім беретін мектеп» КММ-нің жанынан құрылған Қамқоршылық кеңесінің отырысы 2022-2023 оқу жылы Хаттама №5 Қатысқаны: 10 Қатыспағаны: Күні: 19.12.2 ...

26-01-2023  

Қамқоршылық кеңес хаттама №6

Маңғыстау облысының білім басқармасының Қарақия ауданы бойынша білім бөлімінің «№3 жалпы білім беретін мектеп» КММ-нің жанынан құрылған Қамқоршылық кеңесінің отырысы 2022-2023 оқу жылы Хаттама №6 Қатысқаны: 11 Қатыспағаны: Күні: 17.01.2 ...

23-11-2022  

Тамақ сапасын бақылау

Қарақия ауданы бойынша білім бөлімінің «№3 жалпы білім беретін мектеп» КММ Тамақ сапасын бақылау комиссиясының тексеру қорытындысы АКТ №3 23.11.2022 жыл Біз төменде акт жасаушылар: Г.Избасарова –мектеп директоры м.а А.Кенджебаева –медбике Д.Баймуханова –әлеуметтік педаго ...

11-11-2022  

Қамқоршылық кеңес хаттама №4

Маңғыстау облысының білім басқармасының Қарақия ауданы бойынша білім бөлімінің «№3 жалпы білім беретін мектеп» КММ-нің жанынан құрылған Қамқоршылық кеңесінің отырысы 2022-2023 оқу жылы Хаттама №4 Қатысқаны: 9 Қатыспағаны: Күні: 11.11 ...

19-10-2022  

Қамқоршылық кеңес хаттама №3

Маңғыстау облысының білім басқармасының Қарақия ауданы бойынша білім бөлімінің «№3 жалпы білім беретін мектеп» КММ-нің жанынан құрылған Қамқоршылық кеңесінің отырысы 2022-2023 оқу жылы Хаттама №3 Қатысқаны: 10 Қатыспағаны: Күні: 19.1 ...

22-09-2022  

Тамақ сапасын бақылау

Қарақия ауданы бойынша білім бөлімінің «№3 жалпы білім беретін мектеп» КММ Тамақ сапасын бақылау комиссиясының тексеру қорытындысы АКТ №1 22.09.2022 жыл Біз төменде акт жасаушылар: Г.Избасарова –мектеп директоры м.а А.Кенджебаева –медбике Д.Баймуханова –әлеуметтік педаго ...

30-08-2022  

Қамқоршылық кеңес хаттама №1

Маңғыстау облысының білім басқармасының Қарақия ауданы бойынша білім бөлімінің «№3 жалпы білім беретін мектеп» КММ жанынан құрылған Қамқоршылық кеңес отырысы Хаттама №1 Қатысқаны : 11 Күні: 30.08.2021ж Күн тәртібінд ...

23-08-2022  

Қамқоршылық кеңес хаттама №2

Маңғыстау облысының білім басқармасының Қарақия ауданы бойынша білім бөлімінің «№3 жалпы білім беретін мектеп» КММ-нің жанынан құрылған Қамқоршылық кеңесінің отырысы 2022-2023 оқу жылы Хаттама №2 Қатысқаны: 10 Қатыспағаны: Күні: 23 ...