2017-2018 оқу жылындағы тәрбие жұмысы бойынша атқарылған жұмыс қорытындысы
Алғашқы қоңырау білім күні 2 қыркүйек күні, «Мен өз елімнің патриотымын»
деген тақырыптағы тәрбие сағаттарымен басталды. Жыл басында 52 сынып комплексі
құрылып, 52 сынып жетекшімен , тәрбие жұмыс жоспарларының бекітілді. Жоғарғы
сыныптарда волейбол, футбол, көркемсөз шебері, қолөнер, картаграфия, шахмат,
би, тоғызқұмалақ үйірмелері әр сенбі күндері
жұмыс жасайды. Бастауыш сыныптарда сандар сыры, поэзия баспалдағы,
қызықты математика тақырыбындағы үйірмелер жұмыс жасайды. 04.09-11.09.17ж. күні «Жол тәртібін сақтайық», 18.09-25.09.17ж
аралығында «Ана тілім байтағым, желбіре
көк байрағым» тақырыбындағы апталықтар өткізілді. Апталық барысында ашық
сабақтар, түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды. Әрбір дүйсенбі күні алғашқы сабақ
мемлекеттік әнұранмен басталып, аптаның 5 күнінде де таңғы жаттығулар жолға қойылды.
5 қазан ұстаздар мерекесі қарсаңында да 11-сынып оушыларының дайындаған «Ұстаз-ана, аялайтын барша жан» атты және мектеп өнерпаздарының «Ұстаз -мектептің жүрегі» тақырыбындағы концерттік бағдарламасы, «Ұстаз-ұлы тұлға» тақырыбында 1-11 сыныптар арасында тәрбие сағаттары, мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды. «Ұстазға құрмет, ұстазға мәңгі ізгілік!» атты аудандық мерекелік шараға мұғалімдеріміз қатысып, Аудан әкімінің Алғыс хатын Н.Науханова, аудандық білім бөлімінің Алғыс хатымен Н.Қаршығаева, Қазақстан Республикасы БҒ министрлігінің Алғыс хатымен Қ.Медиева марапатталды. Жетібай ауылы әкімінің Алғыс хатын мектебімізден Г.Ізбасарова, Н.Шабаева, Т.Ақбураева иеленді. Аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткен спорттық сайыстарға да мектебіміздің жас мұғалімдері қатысып, жүлделі орындармен оралды. Дартс спорты жарысы бойынша Р. Өтебаев ІІ , волейбол жарысында мектеп командасы ІІ , тоғызқұмалақ жарысында Джантлеуов Нажмадин І , үстел теннисі жарысы бойынша Жаумытбаев Абылай ІІІ, қол күресі жарысында Исаева Алтынгүл ІІ, тоғызқұмалақ жарысында Н.Шабаева І орындармен марапатталды. Мектебіміздің жас маманы Т.Ақбураеваның Қарақия газетіне «Мен шәкірттің шырағын жағу үшін метептемін» тақырыбында мақаласы, мектеп оқушыларың түрлі құттықтау видероликтері, қабырға газеттері жолданды. Кәсіподақ төрайымы А.Адыеваның ұйымдастыруымен эстафеталық сайыстар ұйымдастырылып, бас жүлдемен дене пәні бірлестігі, І орынмен қазақ тілі бірлестігі, ІІ орынмен шет тілі мен орыс тілі мұғалімдері біріккен команда, ІІІ орынмен бастауыш пәні бірлестігі, жаратылыстану бірлестігі ынталандырумен марапатталды. Тамыз конференциясында облыстық білім бөлімінің марапаттауын Г.Асанова, Б.Умырбаева, Г.Ыбыраева, аудандық білім бөлімінің марапаттауын Н.Жантілеуов, Ә.Өрбісінова иеленді. Мектеп ұжымы «Үздік ұйым-2017» байқауына қатысып, аудан әкімі алғыс хатымен және сертификатпен марапатталды. Қазан айында Халықаралық гросмейстер Д.Садуақасов кубогына арналған ХІІ республикалық шахмат турнирінің аудандық кезеңі мектебімізде өтіп, шахмат жарысында ІІ Есентемір Абдусамат, Ақмамед Мәди ІІІ , Қуантқан Жанель ІІІ орынмен, марапатталса, Аудандық «Азаттықты аңсап өткен Алаш арыстары» байқауында проза жанры бойынша ІІ Т.Ақбураева , І орынмен мәнерлеп оқу бағыты бойынша Б.Боранқұлова марапатталды. Байқаудың облыстық кезеңінде Т.Ақбураева І, Б.Боранқұлова алғыс хатпен марапатталды. Аудандық «Есірткісіз болашақ» танымдық шарасында «Нашақорлық- қоғам дерті» тақырыбындағы сахналық қойылым кезеңінде ІІІ орынға №3 орта мектебі ие болды.
Қазан айында өткен «Жас ұлан» әскери-спорттық ойындарының аудандық кезеңінде І орынмен №3 орта мектебі құрамасы марапатталса, облыстық кезеңде «Калашников автоматын бөлшектеп жинау» номинациясы бойынша «Қыран» тобы ІІІ , «Снайпер» номинациясы бойынша ІІ «Қыран» тобы марапатталды. І тоқсан бойынша 20-қыркүйек күні, 3 «Ә» сыныбында А.Атабаеваның «Тілім менің тірлігімнің айғағы» тақырыбындағы тәлім сәті және тәрбие сағаты 9, қарашаның 11 күні 3 «А» сыныбында Н. Қаршығаевның «Мәңгілік ел-Қазақстан» тақырыбындығы тәлім сәті мен тәрбие сағаты 9,5, 3 «Б» сыныбында сынып жетекшісі А.Шегебаеваның «Дін тәрбие бастауы» 9,1 қыркүйектің 6-сы күні З.Табылдиеваның 3« В» сыныбында «Жол ережесін білейік» 8,7, 4 «А» сыныбында Г. Қазиеваның «Тоқта ботам, атаң келеді артыңда» 9, 4 «Г» сыныбында «Денсаулық-зор байлық» 10, 9 «Ә» сыныбында , сынып жетекшісі А.Алдашованың «Қарттарым –асыл қазынам» 8,5, 10 «А» сыныбында сынып жетекшісі Г.Отарованың «Үш тілдің патшалығы» тәлім сәті, қазанның 5 күні «Ұстаз- мектептің жүрегі» тақырыбындағы концерттік шаралармен ұласты. Күзгі демалыс күндерін тиімді ұйымдастыруға байланысты, 6 «Б» сыныбы, сынып жетекшісі Исатаева Жайран Н.Жантөрин атындағы театрға «Рухани жаңғыру» бағытындағы іс-шараға, Маңғыстау облысының әкімі орынбасары қатысуымен 3 қарашада «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру-Жас.Жалын. Жаңғыру» жастар керуеніне, 18 қазанда облыстық «Ел шежіресі» қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен семинар сабақтарға қатысты.1желтоқсан-Елбасы күніне және 16 желтоқсан-Тәуелсіздігіміздің 26 жылдығына арналған айлық жоспары құрылып, осы тақырыпта көптеген танымдық, тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастырылды. Барлық 1-11 сыныптар арасында сынып сағаттары мен сыныптан тыс іс-шаралар, ән байқаулары , би байқаулары өтті.
30.11.17ж. күні мектеп кітапханашыларының ұйымдастыруымен «Елін сүйген Елбасы», «Елімнің еркіндігі-Тәуелсіздік» тақырыбындағы кітап көрмесі өтті. Онда оқушыларымызға Елбасымыздың ерен еңбегі мен еліміздің Тәуелсіздігі жолындағы қайсар ұл-қыздарымыздың ерліктері баяндалды.
05-12.02.18 ж. күндері аралығында «Дені саудың жаны сау» атты апталық өтті. Апталық жоспары алдын-ала тәлім сәтінде айтылып, денсаулыққа байланысты әр түрлі іс-шаралар атқарылды. 06.02 күні «Нашақорлық ғасыр дерті» тәлім өтті.Мектеп тәлімгері 09.02 күні А.Өтекешова 1-1 сыныптарға арналған «Абайлаңыз тұмау» атты ақпараттық тақтада тұмаудың алдын-алу туралы ақпараттар берді. 12.02 күні «Қазақстанның болашағы есірткісіз» плакаттар байқауы 7-8 сыныптар арасында өтіп, жеңімпаз оқушылар марапатталды. «Салауаттылық-салтымыз» атты эстафеталық сайыс даярлық тобында өтті. Барлық сыныптарда 09.02 күні 1-11 сыныптарда «Салауатты мір салты» тақырыбында сынып сағаттары өтті. 5-8 сыныптарда «Денсаулықты жастайыңнан күте біл» тақырыбында мектеп дәрігері және ауыл емханасының дәрігерлерімен кездесу сабақтары өтті. «Наурыз-жыл басы» атты 05.03-19.03.аралығында наурыз мерекесіне байланысты айлық өтті. Жыл басындағы жоспарға сай Наурыз айлығы өтті. 28. 02.18ж. күні 1Наурыз -Алғыс айту күніне байланысты жұмыс жоспарымен тәлім сәтінде таныстырылып, «Алғыста шек болмайды», «Қазақстан-біздің ортақ үйіміз» тақырыптарында тәлім сәттері, сынып сағаттары, видеороликтер жасалынды. Мектебіміз «Рухани жаңғыру» бойынша түрлі безендірулер мен құттықтау тілектерге толды. «Ұстазыма мың тағзым» тақырыбында мектебіміздің ұлағатты ардагер ұстазы Қ.Боранқұлов ағаймен зейнерткер ұстаздарды құрметтеу, ұлағаттау мақсатында құттықтау шараларын 5 «А» сынып жетекшісі А.Нұрмағанбетова өткізді. Мектебімізден зейнеткерлікке шыққан зейнеткер ұстаздарымыз Мастаева Ирина, Сүйінова Орал, ӨрбісіноваӘуес апайларды да құттықтадық. «Мен ұстазыма мың алғыс айтамын» тақырыбында 5-7 сыныптар арасында мәнерлеп оқу байқауы өтіп, оқушыларымыз дипломдармен марапатталды. «Мәңгілік-ел, менің арманымның мекені» тақырыбында кітап көрмесі, оқушылармен танымдық жұмыстар жүргізілді. «Бізге алғыс айтуға себеп бар» тақырыбында қолөнер көрмесі ұйымдастырылды. 16.03 күні 1-11 сыныптарда «Наурыз-қазақтың төл мерекесі» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді. 14.03.18 ж күні мектебімізде Амал мерекесіне орай қазақтың ұлттық ойындары – бестас, тоғызқұмалақ, арқан тартыс, қол күрестіру, кір тасын көтеру, сияқты жарыстар ұйымдастырылды. Бұл сайыстарға мектеп оқушылары белсенді түрде қатысып, қазақтың ұлттық ойындарын насихаттап, өз өнерлерін ортаға салып, нәтижесінде жеңімпаз оқушылар марапатталды. «100 кітап» 4-9 сыныптар арасында оқырмандар сайысы кітапханашы Т.Нұржігітованың ұйымдастыруымен өтті. Сайыста көптеген оқушылар шығармашылық қасиеттерін дамытып, оқыған шығармаларынан пікір алмасып, жақсы жақтарын талқылап, тіл байлығын дамытты.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Тәрбие және білім» кіші бағыты бойынша қаңтар, ақпан, наурыз айларында төмендегідей жұмыстар атқарылды:12.02.18 ж күні құқық қорғау қызметкерлерімен кездесу өткізілді. Кездесуге мектеп директорының м.а Г.Ибраева, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Сатыбалдиева, Н.Науханова, ЖСПБ бастығының м.а. полиция подполковнигі А.Кошев, Қарақия АІІБ бастығының орынбасары, полиция подполковнигі М.Бөкенбаев, ЖСПБ ЮПТ инспекторы, полиция аға лейтинанты: Б.Әлзақ, 9-11 сынып оқушылары мен сынып жетекшілері қатысты. 22.01.2018 ж күні 9-11 сынып оқушыларына арналған Жетібай мешітінің имамы Маханов Ибрагиммен діни жат ағымдардан сақтану бағытында кездесу өткізілді. Кездесуге мектеп директоры, 9-11 сынып оқушылары сынып жетекшілер,тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлар қатысты. Жетібай мешітінің имамы И.Маханов елдегі діни жағдай, Қазақстандағы діни ағымдар, секталар туралы оқушыларға толық мағлұмат берді. Кездесу соңында оқушылар өз сұрақтарын қойды. Мектеп дәлізінде ата-аналар мен оқушылар үшін «Қауіпсіз интернет» тақырыбында стенд ресімделді. Стендте оқушыларға интернет деген не? оны пайдалану жолдары, оның адам үшін қауіпсіздігі, интернетті пайдалану ережелері туралы жазылды. Сәуір айы тазалық айлығы болды . Бұл кездерде де мектеп ұжымы мен оқушылар ауыл әкімінің белгілеген аудандарында тазалық жүргізіп, ағаштар егіп, ағаш түптерін қопсытып, әктеп жұмыстарын атқарды. 1маусым –Балаларды қорғау күніне, 4 маусым-ҚР рәміздер күні мерекесіне, 31 мамыр -Қуғын-сүргіндерді еске алу шаралары да деңгейінде өтті. 15 мамыр күні мектебімізде жылды қорытындылау мақсатында жалпы ата-аналар жиналысы, 18 мамыр күні «Үздіктер шеруі» өтті. Мұнда мектебіміздің сабақты 5 ке оқыған оқушылары және мектебімізге жетістіктер әкелген оқушылары мектеп басшысы атынан арнайы марапататталды. Аудандық, облыстық іс-шараларда да мектеп оқушылары жетістіктермен оралды.
Атап айтқанда, Қарахожа Қайсар ауд. І орын, облыстық ынталандыру «Ерліктерің ұрпақ есінде» патриоттық ән байқауы, Жүндеш Замира аудандық І орын облыстық І орын «Ерліктерің ұрпақ есінде» батырлық мектебі номинациясы бойынша, Алиев Жанболаат аудандық І орын, облыстық ІІ орын «Ерліктерің ұрпақ есінде» «Соғыстың үшбу хаттары» номинациясы бойынша, Нығмет Шерхан аудандық ІІ орын «Ерліктерің ұрпақ есінде» ғылыми жоба бойынша марапатталды. Аудандық «Жас құтқарушылар-2018» сайысында Мұқаш Самат ІІ орынмен, Сәрсен Сүндет ІІ орынмен, Тілепі Жанболат ІІІ орынмен, Тұрсын Берекет І орынмен, Мұқаш Самат І орынмен, Амангелді Ермембет ІІІ орынмен марапатталды.
Орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі пән бірлестігі мұғалімдерінің мақалалары,сайт сабақтары

Орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі пән бірлестігі туралы ақпарат

Математика, физика және информатика пәндері бірлестігінің мақалалары

Математика, физика және информатика пәндері бірлестігі туралы ақпарат

2012-2015ж оқу жылындағы бірлестік мұғалімдерінің баспа беттеріне жарияланған мақалалары

Қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігі туралы ақпарат

География, биология, химия пән бірлестігі мұғалімдерінің мақалалары мен сайт сабақтары

География, биология, химия пән бірлестігі туралы ақпарат

2012-2013, 2013-2014ж,2014-2015ж оқу жылындағы бастауыш бірлестік мұғалімдерінің мақалалары
2012-2013, 2013-2014ж,2014-2015ж оқу жылындағы бастауыш бірлестік мұғалімдерінің мақалалары,сайт сабақтары (аудан,облыс, республика) № Мақала авторының аты-жөні Мақала тақырыбы Басылым аты, мерзімі 1 Адыева Ақжарқын Намысты ұл Респуб-қ «А ...Бастауыш сынып бірлестігі туралы ақпарат
Бастауыш сынып бірлестігі мұғалімдерінің сапалық құрамы Оқу жылы 2013-2014 2014-2015 2015-2016 Мұғалім саны 31 30 36 Бастауыш сынып бірлестігі мұғалімдерінің білім бойынша талдау № Білімі 2013-2014 2014-2015 2015-2016 1 ...Сілтемелер

Маңғыстау облысының білім басқармасының ресми сайты
http://mangystau.edu.kz

Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің ресми сайты
control.edu.gov.kz

Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің сайты
www.bala-kkk.kz