2018-2019 оқу жылына арналған әдістемелік кеңес отырыстарының ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ
«Оқу-тәрбие үрдісінде оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыта отырып, ұлттық сана сезімі қалыптасқан тұлға тәрбиелеу»
Мақсаты
1. Оқу және тәрбие үрдісінде білім алушыларды білім беру ресурстары мен технологияларына бірдей қолжетімділікті қамтамасыз ету.
2. Білім алуға деген жеке тұлғаның сұраныстарын қанағаттандыру, функционалдық сауаттылықты жетілдіру.
3. Мектеп өмірін ізгілендіру мен демократияландыру арқылы оқушының жеке тұлғасының интеллектуалды, рухани және дене бітімінің дамуының қалыптасуына қолайлы жағдай туғызу.
4. Оқу-тәрбие жұмысының негізгі өзегі ретінде тұлғалық бағдарлы, гуманды тұлғалық педагогика идеясы ұстанымдарын қолдану.
5. Мәңгілік ел қазақ халқының ұлттық идеясының құндылықтарын енгізу, рухани жаңғыру аясында бағыт беру.
Әдістемелік кеңестің өзекті мәселесі
Оқыту мен оқуда жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану арқылы құзыреттілікті қалыптастыру.
Мақсаты
Ø Мұғалімдерді жаңа бағдарламамен таныстыру;
Ø Сабақта жаңа технологияларды тиімді пайдалануға дағдыландыру;
Ø Мұғалімдердің психологиялық-педагогикалық қабілеттерін ұдайы жетілдіріп отыру;
Ø Мұғалімдерді нәтижеге бағытталған іс-әрекеттерге бейімдеуге үйрету;
Ø Үш тілде білім беру бағдары бойынша тәжірибелерін шыңдау;
Ø Мұғалімдердің өзін-өзі жетілдіруіне баса назар аудару;
Ø Мектептің педагогикалық ұжымының іс-әрекетін жаңашылдыққа бағыттауды қалыптастыру (озық тәжірибені ендіру, жалпылау, тарату мен жүйелі зерттеу, үйрену)
Міндеттері:
ü Білім берудің жаңа бағдарламаларын, оқу жоспарларын, мемлекеттік стандартын, нормативті құжаттар, әдістемелік нұсқауларды талдау, игеру жұмыстарын ұйымдастыру;
ü Оқу мен тәрбиені ұйымдастырудың жаңа формаларын, әдістерін педагогикалық технологиялармен байыту;
ü Жас мамандарға, пән мұғалімдеріне, педагогтік қызметте жекелеген бір мәселелерде қиналатын мұғалімджерге жас ерекшеліктерін ескере отырып, диагностикаланған, сараланған негізде ғылыми-әдістемелік көмек көрсету;
ü Мұғалімдерге педагогикалық білімін өз бетінше көтеру жолдарын үйрету;
ü Оқу сабақтарының барлық түрлерінің өткізілуінің әдістемесін, тиімділігін жетілдіру, әдістемелік апталықтар ұйымдастырып, олардың лицейдегі педагог қызметкерлердің шеберлігін арттыруға ықпал ету;
ü Басқа ғылыми орталықтармен және білім беру мекемелерімен байланыс орнату, педагогикалық ұжымның , мұғалімдердің, жас мамандардың ғылыми-әдістемелік сауытын, өзара тәжірибе алмасу әрекетін, өзін-өзі бағалау, өз білімін көтеру, кәсіби шеберлігін арттыру жолдарын анықтау;
ü Педагог қызметін ғылыми-әдістемелік тұрғыда талдау, бағалау, көмек көрсету, шығармашылық топтардағы ғылыми әдістемелік жұмыстардың жандануына педагогикалық ықпал ету, оқу-тәрбие үрдісінің деңгейін көтеруді әдістемелік тұрғыда қамтамасыз ету, әдістемелік кеңес жұмысының мазмұнын, бағыт-бағдарын айқындау, болжам жасау.
Күтілетін нәтиже:
ü Оқушылардың білім сапасын көтеру;
ü Жаңа формат сабақтарды енгізуге біртіндеп көшу;
ü Мұғалімдердің көшбасшылық қабілеттерін арттыру;
ü Шығармашылықпен жұмыстанатын мұғалімдердің мәртебесін көтеру.
2018-2019 о.ж. Әдістемелік кеңес жоспары
Скачать файл (34.16 Kb)
АӘД, Ден пән бірлестігі туралы ақпарат
АӘД, Ден пән бірлестігі бойынша мұғалімдерінің сапалық құрамы Оқу жылдары 2013-2014жж 2014-2015жж 2015-2016жж Мұғалім саны 7 9 9 Біліктілік санаттары бойынша 3 жылдық талдау Оқу жылдары 2013-2014жж 2014-2015жж 2015-2016жж Жоға ...Әдістемелік кеңестің бірлестік мұғалімдерінің баспа беттеріне жарияланған мақалалары
Бірлестік мұғалімдерінің баспа беттеріне жарияланған мақалалары (аудан,облыс, республика) № Мақала авторының аты-жөні Мақала тақырыбы Басылым аты, мерзімі 1 Боранкулов Қайырбек Тарихтың тура жолымен тәуелсіздік белестеріне ...Әдістемелік кеңес туралы ақпарат
Әдістемелік кеңесте 8 пәндік бірлестік, жас мамандар тобы және деңгейлік бағдарламаны бітірген қауымдастық жұмыс жасайды.Пән бірлестіктерінің жылдық жоспарлары жасақталып, жоспарға сай жұмыс жүйелі жинақталған. Әдістеме бірлестіктері отырыстары өткізіліп, хаттамалары ...Сілтемелер

Маңғыстау облысының білім басқармасының ресми сайты
http://mangystau.edu.kz

Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің ресми сайты
control.edu.gov.kz

Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің сайты
www.bala-kkk.kz