2018-2019 оқу жылына арналған әдістемелік кеңес отырыстарының ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ

«Оқу-тәрбие үрдісінде оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыта отырып, ұлттық сана сезімі қалыптасқан тұлға тәрбиелеу»

Мақсаты

1.   Оқу және тәрбие үрдісінде білім алушыларды білім беру ресурстары мен технологияларына бірдей қолжетімділікті қамтамасыз ету.

2.   Білім алуға деген жеке тұлғаның сұраныстарын қанағаттандыру, функционалдық сауаттылықты жетілдіру.

3.   Мектеп өмірін ізгілендіру мен демократияландыру арқылы оқушының жеке тұлғасының интеллектуалды, рухани және дене бітімінің дамуының қалыптасуына қолайлы жағдай туғызу.

4.   Оқу-тәрбие жұмысының негізгі өзегі ретінде тұлғалық бағдарлы, гуманды тұлғалық педагогика идеясы ұстанымдарын қолдану.

5.   Мәңгілік ел қазақ халқының ұлттық идеясының құндылықтарын енгізу, рухани жаңғыру аясында бағыт беру.

Әдістемелік кеңестің өзекті мәселесі

Оқыту мен оқуда жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану арқылы құзыреттілікті қалыптастыру.

Мақсаты

Ø Мұғалімдерді жаңа бағдарламамен таныстыру;

Ø Сабақта жаңа технологияларды тиімді пайдалануға дағдыландыру;

Ø Мұғалімдердің психологиялық-педагогикалық қабілеттерін ұдайы жетілдіріп отыру;

Ø Мұғалімдерді нәтижеге бағытталған іс-әрекеттерге бейімдеуге үйрету;

Ø Үш тілде білім беру бағдары бойынша тәжірибелерін шыңдау;

Ø Мұғалімдердің өзін-өзі жетілдіруіне  баса назар аудару;

Ø Мектептің педагогикалық ұжымының іс-әрекетін жаңашылдыққа бағыттауды қалыптастыру (озық тәжірибені ендіру, жалпылау, тарату мен жүйелі зерттеу, үйрену)

Міндеттері:

ü Білім берудің жаңа бағдарламаларын, оқу жоспарларын, мемлекеттік стандартын, нормативті құжаттар, әдістемелік нұсқауларды талдау, игеру жұмыстарын ұйымдастыру;

ü Оқу мен тәрбиені ұйымдастырудың жаңа формаларын, әдістерін педагогикалық технологиялармен байыту;

ü Жас мамандарға, пән мұғалімдеріне, педагогтік қызметте жекелеген бір мәселелерде қиналатын мұғалімджерге жас ерекшеліктерін ескере отырып, диагностикаланған, сараланған негізде ғылыми-әдістемелік көмек көрсету;

ü Мұғалімдерге педагогикалық білімін өз бетінше көтеру жолдарын үйрету;

ü Оқу сабақтарының барлық түрлерінің өткізілуінің әдістемесін, тиімділігін жетілдіру, әдістемелік апталықтар ұйымдастырып, олардың лицейдегі педагог қызметкерлердің шеберлігін арттыруға ықпал ету;

ü Басқа ғылыми орталықтармен және білім беру мекемелерімен байланыс орнату, педагогикалық ұжымның , мұғалімдердің, жас мамандардың ғылыми-әдістемелік сауытын, өзара тәжірибе алмасу әрекетін, өзін-өзі бағалау, өз білімін көтеру, кәсіби шеберлігін арттыру жолдарын анықтау;

ü Педагог қызметін ғылыми-әдістемелік тұрғыда талдау, бағалау, көмек көрсету, шығармашылық топтардағы ғылыми әдістемелік жұмыстардың жандануына педагогикалық ықпал ету, оқу-тәрбие үрдісінің деңгейін көтеруді әдістемелік тұрғыда қамтамасыз ету, әдістемелік кеңес жұмысының мазмұнын, бағыт-бағдарын айқындау, болжам жасау.

Күтілетін нәтиже:

ü Оқушылардың білім сапасын көтеру;

ü Жаңа формат сабақтарды енгізуге біртіндеп көшу;

ü Мұғалімдердің көшбасшылық қабілеттерін арттыру;

ü Шығармашылықпен жұмыстанатын мұғалімдердің мәртебесін көтеру.

 

  • docx  2018-2019 о.ж. Әдістемелік кеңес жоспары  
       Скачать файл    (34.16 Kb)




2019-2020 оқу жылында жас мамандармен жүргізілетін жұмыс жоспары

«Жас мамандар» мектебінің жұмыс жоспары (2019-2020 оқу жылы) Жұмыстың бағыты Атқарылатын шаралар Күтілетін нәтиже Мерзімі Жауапты Әдістемелік отырыстар І отырыс 1. 2018-2019 оқу жылында жас мамандармен атқарылған жұмыс қорытындысы ...

2019-2020 оқу жылында өткізілетін апталықтар мен онкүндіктер жоспары

Апталықтар, онкүндіктер (2019-2020 оқу жылы)   Жұмыстың бағыты Атқарылатын шаралар Күтілетін нәтиже Мерзімі Жауапты Әдістемелік отырыстар І отырыс «Тіл-тәуелсіздік тұғыры» тілдер апталығы Пән берілісінің сапасын көтеру ...

2019-2020 оқу жылына арналған әдістемелік кеңес отырысының жұмыс жоспары

Жұмыстың бағыты Атқарылатын шаралар Күтілетін нәтиже Мерзімі Жауапты Әдістемелік отырыстар І отырыс 1. 2019-2020 оқу жылына арналған әдістемелік кеңестің жұмыс жоспарын бекіту 2. Шығармашылық топ құру, жұмыс жоспарын талдау, бек ...

2018 – 2019 оқу жылына арналған мектеп психологтарының жылдық жұмыс жоспары

...

2018-2019 оқу жылына арналған әдістемелік кеңес отырыстарының ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ

«Оқу-тәрбие үрдісінде оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыта отырып, ұлттық сана сезімі қалыптасқан тұлға тәрбиелеу» Мақсаты 1.   Оқу және тәрбие үрдісінде білім алушыларды білім беру ресурстары мен технологияларына бірдей қолжетімділікті қамтамасыз ету. 2.   Білім ...

2017-2018 оқу жылындағы тәрбие жұмысы бойынша атқарылған жұмыс қорытындысы

Алғашқы қоңырау білім күні  2 қыркүйек күні, «Мен өз елімнің патриотымын» деген тақырыптағы тәрбие сағаттарымен басталды. Жыл басында 52 сынып комплексі құрылып, 52 сынып жетекшімен , тәрбие жұмыс жоспарларының бекітілді. Жоғарғы сыныптарда волейбол, футбол, көркемсөз шебе ...

2018-2019 оқу жылындағы сапалық құрам

...

Дарынды балалармен жұмыс жоспары 2016-2017 оқу жылы

Мақсаты: Танымдық белсенділігі жоғары, теориялық білімін іс жүзінде қолдана білетін, өз көзқарасын, сенімін, беделін қорғайтын, өз елінің тілін, дәстүрін қастерлейтін, салауатты, шығармашылықпен жұмыс істейтін оқушыларды тәрбиелеп шығару. Міндеті: Оқушыларды белгі ...

ҚР деңгейлік бағдарлама бойынша 2012-2016 жылдары «Өрлеу»БАҰО» деңгейлік педагогикалық қызметкерлер біліктілігін арттыру курсынан өткен мұғалімдер

...

№ 3 орта мектебінің бастауыш сыныптары бойынша 2016-2017 оқу жылының тәрбие жұмысы бойынша жылдық жұмыс жоспары

...