"Дара жол"
Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Жетібай ауылының № 3 орта мектебінде мектеп ұжымы ұлағатты ұстаз, өз ісінің шебері Нажматдин Шамшатдинұлын құрметті демалысқа шығарып салу шарасын ұйымдастырды. Жиынды мектеп директоры Ізбасарова Гүлбаршын Максимқызы өзінің әдемі сөздерімен ашты. Шараға Н.Шамшатдинұлының әріптестері, зейнеткер ұлағатты ұстаздар да шақырылды. Нәжметдин ағайдың ерен еңбектері айтылып, өмірбаяны баяндалды. Ұстаз есімі әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Адам баласы қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса, соның бірі - ұстаз. «Ұстаздан тәрбие алған» немесе «Ұстаз алдын көрген» деген сөздер құлаққа «Ана тәрбиесін алған» деген сөздермен ұштасып жататыны осыдан болса керек. Мерекелік шарада ардагер ұстаз өзінің ұстаздық еңбек жолындағы қызықты да, қиын жайттарды еске алды. «Тәрбиелеген оқушыларымның бүгінде әр салада жұмыс істеп жүргені менің үлкен мәртебе жетістігім» ,- деп тебіренді. Шара барысында оқушылар ағайға ән-жыры мен тілектерін арнады. Шара соңында мектептің кәсіподақ ұйымы төрайымы Адыева Ақжарқын Хожағұлқызы қорытынды сөз сөйлеп, Нәжметдин ағайдың құрметті демалысына сәттілік тілеп, ұжым атынан сый-сияпаттар табыстады. Нәжметдин ағай алғысын айтып жас мамандарға батасын берді.
Оқылған саны: 2888
07-09-2023 : 05:34
Ахмет Байтұрсынұлының 150 жыл мерейтойы қарсаңында ақын шығармаларын насихаттау мақсатында челендж

23-05-2023 : 11:41
"Менің мектебім буллингке қарсы"

17-05-2023 : 06:21

17-05-2023 : 06:20
15-05-2023 : 09:47
15-05-2023 : 09:46
15-05-2023 : 09:44

15-05-2023 : 09:43

15-05-2023 : 09:42
15-05-2023 : 09:40

Сілтемелер

Маңғыстау облысының білім басқармасының ресми сайты
http://mangystau.edu.kz

Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің ресми сайты
control.edu.gov.kz

Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің сайты
www.bala-kkk.kz