Аудан әкімінің оқушылармен еркін форматтағы кездесуі

23.05 .2022 күні аудан әкімінің оқушылармен еркін форматтағы кездесуі өтті. Аудандық мәдениет үйіне жиналғандар алдымен Республикалық, облыстық деңгейдегі конкурстар жеңімпаздарының жұмыстары қойылған жетістіктер галлереясын тамашалады. Дарынды оқушылардың жетістіктері көрмесінің таныстырылымы ғылыми жоба бағыты, робототехника, қолөнер бұйымдары, экология, танымдық бағыт, иллюстрациялық суреттер бағыты бойынша өтті. Мектебіміздің оқушыларының жетістіктері мен қолөнер бұйымдары көрмеден орын алды. Мектебіміздің 6-шы сынып оқушысы Қожахмет Ақбота мен 11-сынып оқушысы Өмірзақов Тұрар өз жұмыстарымен таныстырып өтті. Мектебімізден 12 дарынды оқушы кездесуге қатысты. Еркін әңгімелесу және сұрақ-жауап, ұсыныстар форматында өткен жиынға 150-ге жуық ауданның үздік оқушылары мен жетекшілері, білім саласының қызметкерлері қатысты. Бірнеше сағатқа созылған қызықты кездесуден соң аудан әкімі Республикалық ғылыми жобалардың, байқаулар мен олимпиадалардың жүлдегерлеріне Алғыс хат табыстап, құрмет көрсетті. Кездесу жиыны өнерпаздардың концерттік бағдарламасына ұласты. Мектебіміздің жас ақыны Қостұрған Айбек пен белсенді, " Дебат" ойынының жүлдегері Раметова Индира өз ойларын айтты. Оқушыларға мотивациялық көңіл-күй, серпін берген жиын болды. #Балаларжылы2022

Жарияланған күні: 23-05-2022  : 07:11  
Оқылған саны: 1101



05-08-2022  : 11:08  

Маңғыстау облысының білім басқармасының Қарақия ауданы бойынша білім бөлімінің « №3 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2022-2023 оқу жылында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығын негізге ала отырып, бос лауазымдық орынға қажетті мамандар қабылдауға конкурс өткізетіндігін жариялайды:


13-07-2022  : 11:07  

Қазақ тілін оқуға арналған порталдар


08-07-2022  : 11:04  

Мектебімізде " Айгөлек" жазғы лагері өз жұмысын бастады


30-06-2022  : 11:00  

Психологиялық кеңес

icon

21-06-2022  : 11:02  

"#3 ЖББМ" КММ оқушыларын Жетібай ауылы әкімі, сол мектептің түлегі Елбаев Нұрхат Тұрланұлы мерекемен құттықтауы


10-06-2022  : 10:50  

" Бақытты балалық шақ" атты мектеп психологтары сұхбат жүргізді

icon

10-06-2022  : 10:49  

БАЛА ЕҢБЕГІН ҚАНАУҒА ҚАРСЫ 12 КҮН» Ұлттық ақпараттық науқаны

icon

10-06-2022  : 10:38  

АТА-АНАЛАРДЫҢ НАЗАРЫНА!


10-06-2022  : 10:35  

ТҮНГІ ҚАЛАДАҒЫ ЖАСӨСПІРІМ", "БАЛА ЕҢБЕГІН ҚАНАУҒА ҚАРСЫ" рейд

icon

08-06-2022  : 10:13  

Мектебімізде балалардың жазғы демалысын тиімді өткізу

icon