Аудан әкімінің оқушылармен еркін форматтағы кездесуі

23.05 .2022 күні аудан әкімінің оқушылармен еркін форматтағы кездесуі өтті. Аудандық мәдениет үйіне жиналғандар алдымен Республикалық, облыстық деңгейдегі конкурстар жеңімпаздарының жұмыстары қойылған жетістіктер галлереясын тамашалады. Дарынды оқушылардың жетістіктері көрмесінің таныстырылымы ғылыми жоба бағыты, робототехника, қолөнер бұйымдары, экология, танымдық бағыт, иллюстрациялық суреттер бағыты бойынша өтті. Мектебіміздің оқушыларының жетістіктері мен қолөнер бұйымдары көрмеден орын алды. Мектебіміздің 6-шы сынып оқушысы Қожахмет Ақбота мен 11-сынып оқушысы Өмірзақов Тұрар өз жұмыстарымен таныстырып өтті. Мектебімізден 12 дарынды оқушы кездесуге қатысты. Еркін әңгімелесу және сұрақ-жауап, ұсыныстар форматында өткен жиынға 150-ге жуық ауданның үздік оқушылары мен жетекшілері, білім саласының қызметкерлері қатысты. Бірнеше сағатқа созылған қызықты кездесуден соң аудан әкімі Республикалық ғылыми жобалардың, байқаулар мен олимпиадалардың жүлдегерлеріне Алғыс хат табыстап, құрмет көрсетті. Кездесу жиыны өнерпаздардың концерттік бағдарламасына ұласты. Мектебіміздің жас ақыны Қостұрған Айбек пен белсенді, " Дебат" ойынының жүлдегері Раметова Индира өз ойларын айтты. Оқушыларға мотивациялық көңіл-күй, серпін берген жиын болды. #Балаларжылы2022

Жарияланған күні: 23-05-2022  : 07:11  
Оқылған саны: 1105



19-05-2022  : 09:41  

Түсіндіру жұмыстары

icon

17-05-2022  : 05:12  

Мектепішілік ата-аналар жиналысы

icon

12-05-2022  : 10:32  

мамыр - Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылар күні мерекесіне орай мектебімізде «ҚР Ұландары» тақырыбында 9«Б» сыныбында әскери-патриоттық тәрбие сағаты

icon

05-05-2022  : 04:36  

Республикалық " Ақберен" өнер байқауының облыстық кезеңі

icon

05-05-2022  : 04:34  

"Мектебімізде balakorgau QR-кодтары бар тақтайшалар орналастырылды!

icon

05-05-2022  : 04:32  

" Ел болашағы-жалынды жастар" тақырыбында ауыл әкімі Асанов Қуаныш Сырымұлымен кездесу

icon

05-05-2022  : 04:31  

Мектебімізде дене тәрбиесі және АӘД пәндері апталығы

icon

20-04-2022  : 09:49  

Мектебіміздің ауласын көгалдандыру мақсатында жаңадан көшеттер отырғызу, түптеу, әктеу жұмыстары жүргізілуде

icon

20-04-2022  : 06:42  

Мектептегі ұзақ қоңырау кезінде оқушылар уақытын тиімді өткізу

icon

14-04-2022  : 04:37  

Республикалық Абай оқулары байқауының аудандық кезеңі

icon