Аудан әкімінің оқушылармен еркін форматтағы кездесуі

23.05 .2022 күні аудан әкімінің оқушылармен еркін форматтағы кездесуі өтті. Аудандық мәдениет үйіне жиналғандар алдымен Республикалық, облыстық деңгейдегі конкурстар жеңімпаздарының жұмыстары қойылған жетістіктер галлереясын тамашалады. Дарынды оқушылардың жетістіктері көрмесінің таныстырылымы ғылыми жоба бағыты, робототехника, қолөнер бұйымдары, экология, танымдық бағыт, иллюстрациялық суреттер бағыты бойынша өтті. Мектебіміздің оқушыларының жетістіктері мен қолөнер бұйымдары көрмеден орын алды. Мектебіміздің 6-шы сынып оқушысы Қожахмет Ақбота мен 11-сынып оқушысы Өмірзақов Тұрар өз жұмыстарымен таныстырып өтті. Мектебімізден 12 дарынды оқушы кездесуге қатысты. Еркін әңгімелесу және сұрақ-жауап, ұсыныстар форматында өткен жиынға 150-ге жуық ауданның үздік оқушылары мен жетекшілері, білім саласының қызметкерлері қатысты. Бірнеше сағатқа созылған қызықты кездесуден соң аудан әкімі Республикалық ғылыми жобалардың, байқаулар мен олимпиадалардың жүлдегерлеріне Алғыс хат табыстап, құрмет көрсетті. Кездесу жиыны өнерпаздардың концерттік бағдарламасына ұласты. Мектебіміздің жас ақыны Қостұрған Айбек пен белсенді, " Дебат" ойынының жүлдегері Раметова Индира өз ойларын айтты. Оқушыларға мотивациялық көңіл-күй, серпін берген жиын болды. #Балаларжылы2022

Жарияланған күні: 23-05-2022  : 07:11  
Оқылған саны: 1104



09-03-2023  : 03:45  

“Әлеуметтік желінің зияны”

icon

22-02-2023  : 06:06  

"Білім беру ұйымдарында қауіпсіз орта құру" тақырыбында ата-аналар жиналысы ұйымдастырылды.

icon

22-02-2023  : 06:05  

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық пәндік

icon

21-02-2023  : 04:08  

"Білім беру ұйымдарында қауіпсіз орта құру" тақырыбында облыстық семинар ұйымдастырылды.

icon

14-02-2023  : 09:02  

мектеп психологтары мен “Аналар мектебі” жобасы жетекшілерінің ұйымдастыруымен ”Жүрек жақсылыққа ашылады”

icon

10-02-2023  : 09:45  

А.Кенжебаеваның ұйымдастыруымен «Есірткісіз болашақ!»

icon

10-02-2023  : 09:38  

"Зерде" республикалық жобалар

icon

09-02-2023  : 05:21  

“Өмірге “Иә” деп айт!” психологиялық апталығы аясында “Өмір тамаша! Біз өмірді таңдаймыз!”

icon

09-02-2023  : 04:49  

Республикалық Мұқағали Мақатаев оқуларының облыстық кезеңінде «Көкірегімде жыр сәулесі маздайды…»

icon

07-02-2023  : 05:19  

."Ризашылық-мейірімділік бұлағы" жалпыұлттық мәдени білім беру жобасы аясында мектепішілік “Қолөнер-сырлы өнер” қолданбалы өнер көрмесі ұйымдастырылды

icon