Аудан әкімінің оқушылармен еркін форматтағы кездесуі

23.05 .2022 күні аудан әкімінің оқушылармен еркін форматтағы кездесуі өтті. Аудандық мәдениет үйіне жиналғандар алдымен Республикалық, облыстық деңгейдегі конкурстар жеңімпаздарының жұмыстары қойылған жетістіктер галлереясын тамашалады. Дарынды оқушылардың жетістіктері көрмесінің таныстырылымы ғылыми жоба бағыты, робототехника, қолөнер бұйымдары, экология, танымдық бағыт, иллюстрациялық суреттер бағыты бойынша өтті. Мектебіміздің оқушыларының жетістіктері мен қолөнер бұйымдары көрмеден орын алды. Мектебіміздің 6-шы сынып оқушысы Қожахмет Ақбота мен 11-сынып оқушысы Өмірзақов Тұрар өз жұмыстарымен таныстырып өтті. Мектебімізден 12 дарынды оқушы кездесуге қатысты. Еркін әңгімелесу және сұрақ-жауап, ұсыныстар форматында өткен жиынға 150-ге жуық ауданның үздік оқушылары мен жетекшілері, білім саласының қызметкерлері қатысты. Бірнеше сағатқа созылған қызықты кездесуден соң аудан әкімі Республикалық ғылыми жобалардың, байқаулар мен олимпиадалардың жүлдегерлеріне Алғыс хат табыстап, құрмет көрсетті. Кездесу жиыны өнерпаздардың концерттік бағдарламасына ұласты. Мектебіміздің жас ақыны Қостұрған Айбек пен белсенді, " Дебат" ойынының жүлдегері Раметова Индира өз ойларын айтты. Оқушыларға мотивациялық көңіл-күй, серпін берген жиын болды. #Балаларжылы2022

Жарияланған күні: 23-05-2022  : 07:11  
Оқылған саны: 1106



20-12-2022  : 05:07  

“Зорлық зомбылықсыз 16 күн”мектеп қызметкерлеріне түсінік жұмыстары жүргізілді!

icon

25-11-2022  : 05:03  

“Әке ақылы-бұлақ” атты тәрбие сағаты

icon

25-11-2022  : 04:53  

“Шаттыққа толы жүрекпен” атты ата-аналарға тренинг

icon

25-11-2022  : 04:51  

"Отбасым-мақтанышым" тақырыбында ата-әжелермен кездесу сабағы

icon

25-11-2022  : 04:44  

“Тәртіпке бас иген адам құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды» мектеп мұғалімдеріне түсінік жұмыстары

icon

21-11-2022  : 09:12  

“Мен жастарға сенемін” облыстық айтыс

icon

17-11-2022  : 04:44  

Қыздар,ұлдар жиналысы

icon

17-11-2022  : 04:42  

Аудандық “Құқықтық сауаттылық-уақыт талабы” тақырыбындағы дебат турнирі

icon

17-11-2022  : 04:39  

“Құқығым бар” эссе байқауы, “Бала құқығы-асыл қазына” сурет байқаулары

icon

16-11-2022  : 04:37  

“Бала құқығы-адам құқығы” іс-шара

icon